Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевке Үкіметте журналистер Маңғыстау облысындағы бастауыш сынып оқушыларының жаппай улануы жайлы сұрақ қойды. Ол барлық өңірде заңнаманың сәйкестігіне тексеру жүргізетін мониторингтік топ жұмыс істейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Министрден журналистер Қазақстанда осындай оқиғалардан кейін ғана шара қабылданатыны сұралған. Ғани Бейсембаев бұл мәселе өзін "қатты алаңдататынын" айтты.
– Мен бұған дейін барлық білім беру ұйымдарында, тамақтандыру ұйымдарында заңнамалық база күшейтілуі тиіс деп айтқан болатынмын. Жергілікті атқарушы органдар қабылданған ережелерді қатаң сақтауы керек. Әрбір білім беру ұйымында бар бракты тексеретін комиссиялар бұрын айына бір рет тексерулер жүргізген, ал қазір бұл комиссия күн сайын тексеруді жүзеге асыра алады. Өңірлік мониторингтік топтар бар, олар кез келген уақытта шығып, осы жұмысты жүргізуі тиіс, – деді ол.
Министр мониторингтік топтарға барлық өңірлерде тексерулер жүргізуді тапсырғанын айтты. Комиссияға санитарлық эпидемиологиялық қызметтің және басқа да қоғамдық ұйымдардың қызметкерлері кірген.
– Бұл жұмыс тамыз айында жүргізілгенімен, біз бұл жұмысты тағы да күшейтіп жатырмыз. Жергілікті атқарушы органдар да, балалар тағамымен айналысатын кәсіпкерлер де заңның барлық талаптарын орындап, оны бұзбауы керек. Сонда біз тәртіпке келтіретін шығармыз. Мұнда мониторингтік топтардың нәтижелерін қарастырамыз, - деді Бейсембаев.
"Кім жауап береді?" деген сұраққа Бейсембаев қабылданған шаралар туралы қазақстандықтар мониторингтік жұмыстар жүргізілгеннен кейін ғана білетінін, нақты жауаптан жалтарды.
Еске салсақ, Маңғыстау облысында оқушылардың жаппай улануы себебінен еліміздің барлық мектептері тексерілетінін жазған едік.
Сондай-ақ Үкімет балалардың улануына кінәлілер жауапқа тартылатынын мәлімдеген.