×
490.84
536.88
5.04
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
490.84
536.88
5.04

Маңғыстауда оқушылардың жаппай улануы: Еліміздің барлық мектептері тексеріледі

Маңғыстауда оқушылардың жаппай улануы: Еліміздің барлық мектептері тексеріледі
Фото: ашық дереккөз

Маңғыстау облысы Бесшоқы ауылының №8 мектебінде балалардың жаппай улануы салдарынан бүкіл ел бойынша тексерулер жүргізіледі, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Толығырақ

Оқу-ағарту министрлігі Ulysmedia.kz сауалына орай ауылда, оқиға орнында Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің өкілдері жұмыс істейтінін айтты. Сондай-ақ бастауыш сынып оқушыларының жаппай улануына байланысты бүкіл ел бойынша тексерулер жүргізілетіні белгілі болды.

Министрлік қабылданған шаралар туралы толығырақ кейінірек айтуға уәде берілді.

Не болды

Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылдың 7 қыркүйегінде Бесшоқы ауылының №8 мектебінде балалар жаппай уланып, 1-4 сынып оқушылары зардап шеккені белгілі болды.

Болған оқиғаның себептерін анықтау үшін Маңғыстау облысының Санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау бөліміне хабарлама жіберілді.

Келесі күні, 8 қыркүйекте дәрігерлер зардап шеккендердің жағдайы туралы айтты.

Екі баланың реанимацияда екендігі хабарланды. Жаппай улану фактісі бойынша «Абайсызда адамдардың жаппай улануына әкеп соққан санитарлық ережелерді немесе гигиеналық нормативтерді бұзу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.