Home Credit Bank қайталама санкция тәуекеліне байланысты бұдан былай ВТБ Қазақстан (Ресей ВТБ еншілес құрылымы) компаниясымен істеспейтінін жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Мәлімдеме
"Home Credit Bank" АҚ қайталама санкцияларды ескере отырып, Қазақстан ВТБ-мен өзара іс-қимылды тоқтату туралы шешім қабылдады", - делінген хабарламада.
Осыған байланысты Қазақстан ВТБ клиенттерінің шоттары бойынша теңгемен және шетел валютасымен ақша аудару бойынша кез келген операциялар тоқтатылды.
ВТБ банкі
ВТБ банкі – мемлекеттің үлесі бар ресейлік коммерциялық банк. ВТБ банкі (Қазақстан) - ВТБ тобының еншілес банкі. ТМД елдерінде топ Қазақстанда, Арменияда, Беларуссияда, Әзірбайжанда жұмыс істейді. Банк республиканың қаржы нарығында 15 жылдан астам қызмет етеді, Қазақстанның 12 қаласында филиалы бар.
3 шілдеде АҚШ-тың шетелдік активтерді бақылау басқармасы санкцияларға жеткізуі мүмкін тұлғалар мен компаниялардың тізімін кеңейткен. Оның ішінде ВТБ Қазақстан да болды.