×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Ресей ашқан соғыс Қазақстанның Еуропаға уран жеткізуіне қауіп төндіріп тұр

11.09.2024, 16:49
Ресей ашқан соғыс Қазақстанның Еуропаға уран жеткізуіне қауіп төндіріп тұр
ашық дереккөзден

Ресейдің Украинаға қарсы соғысы Еуроодақ елдеріне уран жеткізуде "Қазатомөнеркәсіптің" жұмысын қиындатып тұр. Бұл туралы компанияның бас директоры Мейіржан Юсупов мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Mining.com порталының жазуынша, Юсуповтың Financial Times газетіне берген сұхбатына сілтеме жасай отырып осындай ақпарат таратты. Ресей-Украина әскери қақтығысына байланысты санкциялар уранды Қазақстаннан Батыс елдеріне жеткізілуіне кедергі келтірген.

– Бізге азиялық серіктестерімізге көп бөлігін (егер біздің барлық өнімдеріміз болмаса) сату оңайырақ. Мен белгілі бір елді атамас едім... Олар да, солтүстіктегі серіктестеріміз де біздің өнімге деген сұранысты толығымен қамтамасыз ете алады. Олармен сауда жасау әлдеқайда оңай, бірақ біз барлық тек бір нарыққа бейімделгіміз келмейді, — деді Мейіржан Юсупов.

Оның айтуынша, "Қазатомөнеркәсіп" — әлемдегі ең ірі уран өндіруші. Өнімді АҚШ пен Еуроодаққа жеткізуді жалғастыруға ниетті. Бірақ Санкт-Петербург арқылы әдеттегі маршрут енді санкциялық тәуекелдерге байланысты жабық.