×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Шымкентте бір ай бұрын түрмеге түскен сотталушы жұмбақ жағдайда қайтыс болды

Шымкентте бір ай бұрын түрмеге түскен сотталушы жұмбақ жағдайда қайтыс болды
Фото: ашық дереккөз

Шымкенттегі түрмеде сотталушы жұмбақ жағдайда қайтыс болды. 37 жастағы азаматтың туыстары оны мекеме қызметкерлері ұрып өлтірген деп айыптап жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Әйелі мен үш баласы қалды

Құқық қорғау органдары тұтқын ұзаққа созылған сырқаттан қайтыс болғанын мәлімдеген. 

Күзет мекемесі басшысының дерегінше, бопсалау фактісі бойынша 3,5 жылға сотталған азамат түрмеге түскен сәттен бастап асқазан ауруымен ауырған. 5 рет медициналық көмекке жүгінген. Ол соңғы рет 3 қыркүйекте ауруханаға түсіп, кейін қайтыс болған.

Қазір медициналық қызметкерлер мен түзеу мекемесінің қызметкерлеріне қатысты ішкі аудит жүргізіліп жатыр. Ер адам бір ай бұрын темір торға қамалған. Марқұмның артында әйелі мен үш баласы қалды. Қандай бап бойынша қылмыстық іс қозғалатыны сот-медициналық сараптамадан кейін белгілі болады.

«Марқұмның туыстары бізге сенбейді»

Қазір тергеу жүріп жатыр. Қылмыстық іс қозғалып, тиісті органдарда тергеледі. Әрине, марқұмның туыстары бізге сенбейді. Бәлкім, олар оны ұрды деп ойлайтын шығар. Тексеру қорытындысы туыстарына хабарланады, – дейді Қылмыстық атқару жүйесі Шымкент қаласы мен Түркістан облысы бойынша департаменті №54 мекемесінің басшысы Серікбай Дүйсенов.