Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында турнирдің финалында Қырғызстан мен Қазақстан құрамаларының көкпаршылары жаппай төбелесе жаздады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Бірінші таймның соңына 6 минут қалғанда 1:3 есебімен Қырғызстан құрамасы алға шыққан. Осыдан кейін жанжал басталып кетті. Спортшылар бірін-бірі қамшымен ұрды. Кейін полиция келіп, оларды ажыратты.
Оқи отырыңыз: "Тышқан" енді тығылмайды: қылмыстық топ мүшесі қалай федерация басқарып отыр
Құзырлылар мен қалталылар: Ұлттық спорт федерацияларын кімдер басқарады
Жарты сағаттан кейін бәсеке қайта жалғасты. Бірінші тайм Қырғызстан құрамасының пайдасына шешіліп, есеп 1:3 болса, екінші жартысында қазақстандықтар жеңіске жетіп, есеп 3:3 болды.
Қазір турнир жалғасып жатыр.