×
510.08
539.61
5.15
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
510.08
539.61
5.15

Діни кітап сақтаған азаматқа 258 мың теңге айыппұл салынды

14.09.2024, 09:46
Діни кітап сақтаған азаматқа 258 мың теңге айыппұл салынды
Ашық дереккөзден

Жамбыл облысының 41 жастағы тұрғыны тыйым салынған діни кітапты сақтағаны үшін жазаланды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ҚАЛАЙ БОЛДЫ?

Тұрар Рысқұлов ауданының сотында тыйым салынған әдебиеттерді заңсыз иеленуге қатысты (ӘҚБтК-нің 453-бабының 4-бөлігі) әкімшілік іс қаралды.

Тәртіп сақшылары бұл кітапты азаматтан сәуір айында тауып алған. Кітап Қазақстан Республикасының аумағында пайдалануға және таратуға тыйым салынған болып шықты.

ҮКІМ

Сотта ер адам өз кінәсін толық мойындап, үйінде тыйым салынған кітап сақтағанын растады.

«ӘҚБтК-нің 453-бабының 4-бөлігінің санкциясы бойынша, жеке тұлғаларға өнімді тәркілеп, 100 АЕК мөлшерінде айыппұл салу қарастырылған. Сот азаматты ӘҚБтК-нің 453-бабының 4-бөлігімен кінәлі деп танып, 258 мың теңге айыппұл салу жазасын тағайындады», - деп хабарланды соттан.

Ал аталған кітап жойылуға жіберілді. Қаулы әлі заңды күшіне енген жоқ.