×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Павлодарлық 6-сынып оқушысы екі баланы пышақтап кеткен

14.09.2024, 10:55
Павлодарлық 6-сынып оқушысы екі баланы пышақтап кеткен
Ашық дереккөзден

Павлодарда 6-сынып оқушысы №21 орта мектептің екі оқушысын пышақпен жарақаттады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ОҚИҒА ЖЕЛІСІ

Оқиға туралы облыстық балалар құқықтары жөніндегі уәкіл Сәуле Шәкенова айтты. Оның айтуынша, оқиға 11 қыркүйекте азық-түлік дүкенінің жанында болған.

«Алтыншы сынып оқушыларының бірі екі оқушыны пышақпен жарақаттаған. Олар бірден ешкімге ештеңе айтпаған, сол күні кешке сабаққа келмей, облыстық балалар ауруханасына барып, медициналық көмекке жүгінген. Онда пышаққа ұрынған жерлерін тігіп берген», делінген хабарламада.

ҚАБЫЛДАНҒАН ШЕШІМ

Шәкенова зардап шеккен балалардың ата-аналары мектеп әкімшілігіне хабарлағанын, олар өз кезегінде полиция шақырғанын айтты.

Қазіргі уақытта зардап шеккен оқушылардың денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Еске сала кетсек, осыған дейін Қопа ауылында мектеп оқушысының кісі қолынан қаза табуы қазақстандықтарды дүр сілкіндірген еді. Оқушылар арасында жанжал шығып, салдарынан 9-сынып оқушысы қаза тапты. Барлығы түнде сабақтан тыс уақытта болғаны анықталды.

Ал марқұмның әпкесі күдіктілер жауапкершіліктен сытылып кетуі мүмкін екеніне алаңдап отырғандарын жеткізді.

Ақтөбе облыстық білім басқармасының басшысы Жайық Сұлтан бұл факті бойынша тергеу жүріп жатқанын айтты.