×
481.84
531.33
5.07
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
481.84
531.33
5.07

«Қансыратып тастап кеткен»: Қопада қаза болған оқушының әпкесі оқиғаның мән-жайын айтты

05.09.2024, 15:03
«Қансыратып тастап кеткен»: Қопада қаза болған оқушының әпкесі оқиғаның мән-жайын айтты
ulysmedia

Ақтөбе облысының Қопа ауылында қаза болған 14 жастағы оқушының әпкесі күдіктілер жауапкершіліктен сытылып кетуі мүмкін екеніне алаңдаулы, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

“ҚАНСЫРАТЫП ТАСТАП КЕТКЕН”

Қыздың айтуынша, оның інісі Сыдық Нұржанды Ақтөбе облысы,Темір ауданы, Қопа ауылында 10 және 11 сынып оқушылары аяусыз ұрып өлтірген.

"Оны(авт. інісін) 15-ке жуық оқушы жабылып сабаған. Бір сағат бойы аяусыз ұрып-соққан. Кейін барлығы оқиға орнынан ізін суытқан. Ол(авт. інісі) айдалада жалғыз қалып, азаптан өлді. Мұрны мен құлағынан көп қан кеткен. Өмірлік маңызды органдарына соққы тікелей әсер етті", – деді ол.

Марқұм оқушының әпкесі күдіктілер жазасыз қалуы мүмкін, тіпті, сот процесіне қатыспайды деп қорқақтайды.

“Менің білуімше, ұрып-соққан кейбір оқушы Қопа мектебіндегі оқытушылардың балалары, сонымен қатар Темір ауданының құқық қорғау органдарында байланыстары бар”, - дейді ол.

“ОН БЕС ЖАСҚА ТОЛАР ЕДІ..”

Сондай-ақ, жәбірленуші інісі Нұржан он бес жасқа толуына бір ай қалғанда қыршынынан қиылғанын айтып қынжылады.

"Қазаның орны толмайды, Нұржан бір айдан кейін 15 жасқа толар еді. Ол математик болуды және Астанаға оқуға түсуді армандады. Бірақ қазір ол біздің қасымызда жоқ, арманы да аяқ асты қалды", – дейді жасөспірімнің әпкесі.

ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ҚОЗҒАЛДЫ

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Қопа мектебінің оқушылары арасында төбелес болып, салдарынан тоғызыншы сынып оқушысы өлгені белгілі болды. Оқиға түн мезгілінде сабақтан тыс уақытта боғаны айтылды. Ақтөбе облысының білім басқармасының басшысы Жайық Сұлтан бұл факт бойынша тергеу жүріп жатқанын хабарлады. Балалар ауқатты отбасылардан шыққаны, бұдан бұрын есепте тұрмағаны белгілі.

Полиция департаментінде Темір аудандық бөлімі кәмелетке толмаған баланың өлімі фактісі бойынша қылмыстық іс қозғағанын хабарлады.