Маңғыстау облысында болған жол-көлік апаты салдарынан екі бала зардап шегіп, олар ауыр халде ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Бұл туралы lada.kz ақпараттық сайты хабарлады.
Жол-көлік оқиғасы “Автодром” аумағында 13 қыркүйек күні кешке болған. Жедел жәрдем шақырту сағат 21:07-де түскен.
Облыстық жедел жәрдем және жедел медициналық жәрдем станциясы жол апатынан екі баланың, 2008 жылғы жасөспірім қыз бен 2022 жылғы қыздың зардап шеккенін хабарлады.
Олар ауыр халде Ақтау қаласындағы облыстық балалар ауруханасына жеткізілді.