×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

526 тонна Ресей бидайы Қазақстан шекарасынан кері қайтарылды

14.09.2024, 14:44
526 тонна Ресей бидайы Қазақстан шекарасынан кері қайтарылды
Ашық дереккөзден

Ресей Федерациясымен шекаралас Батыс Қазақстан облысының Темір жол фитосанитариялық бақылау бекетіндегі 8 вагон бидай Ресейге кері қайтарылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл туралы еліміздің Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ведомстова ақпаратына сүйенсек, 526 тонна Саратов және Тула облыстарынан Шымкент қаласына жеткізілген.

“Бұл жұмысты өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлар ҚР ҰҚК ШҚД "Жайық" шекаралық бақылау бөлімшесінің әскери қызметшілерімен бірлесіп жүргізеді”, делінген хабарламада.

Еске сала кетсек, ішкі нарықты қорғау және Астықты кері экспорттау фактілерін болдырмау үшін 2024 жылғы 26 шілдеде сыртқы сауда саясаты және Халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында транзитті қоспағанда, үшінші елдерден және ЕАЭО елдерінен Қазақстан аумағына көліктің барлық түрлерімен бидайды әкелуге тыйым салуды енгізу туралы шешім қабылданған.