×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Ұйықтап қалған досының атынан несие рәсімдеп алған

15.09.2024, 12:37
Ұйықтап қалған досының атынан несие рәсімдеп алған
Gov.kz

Ақтөбе облысының тұрғыны ұйықтап қалған досының телефонынан несие рәсімдеп алған. Аталған ұрлық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Polisia.kz сайтының хабарлауынша, Темір ауданының тұрғыны телефоны арқылы белгісіз біреулердің оның атынан несие рәсімдегені туралы полицияға шағымданды.

Полицейлердің анықтауынша, автокөлік салонында ішімдік ішіп отырған кезде жәбірленуші ұйықтап қалған.

Осы сәтті пайдаланған танысы телефондағы банк қосымшасы арқылы 400 мың теңге несие рәсімдеп, өз шотына аударған.

Ұрлық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті кінәсін мойындады.