×
494.87
520.65
4.91
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
494.87
520.65
4.91

Тұман түсіп, жаңбыр жауады: 16 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тұман түсіп, жаңбыр жауады: 16 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы
Фото: ашық дереккөз

Қазгидромет РМК ертең еліміздің 16 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Түнде және таңертең Абай облысының оңтүстігіне, орталығына тұман түседі. Түнде шығыста, облыс орталығында 2 градус аяз болады деп күтілуде. Облыстың батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде өрт қаупі сақталады. 

Түнде және таңертең Ақмола облысының батысында, солтүстігінде тұман болады. Солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні – 15-20 м/с. 

Күндіз солтүстікте, оңтүстікте, Ақтөбе облысының орталығында солтүстік-шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады деп күтілуде. 

Алматы облысының солтүстігінде, шығысында өрт қауіптілігі сақталып отыр.

Атырау облысының басым бөлігінде де өрт қаупi сақталады. 

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде түнде жауын-шашын болады, түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз батыстан, солтүстіктен, облыс орталығынан соғатын желдің екпіні – 15-20 м/с. Түнде шығыста, облыс орталығында 2 градус аяз болады. Шығыс облысының батысында, оңтүстігінде,  орталығында жоғары өрт қауіптілігі сақталады. 

Түнде және таңертең Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман болады.

Батыс Қазақстан облысының солтүстiгiнде, солтүстiк-шығысында жоғары өрт қаупi сақталады.

Күндіз Қызылорда облысының орталығында шаңды дауыл болады деп күтілуде. Солтүстік-шығыстан, облыс орталығынан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, Облыстың көп бөлігінде, солтүстік-шығысында, солтүстік-батысында өрт қауіптілігі жоғары болады. 

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында күн күркірейді. Түнде және таңертең солтүстікте, шығыста тұман болады. Солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні – 15-20, кейде 23 м/с. Батыста, облыс орталығында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың шығысында аса өрт қаупі бар.

Таңертең және күн күркірейді, Қостанай облысының оңтүстігінде, шығысында күн күркірейді. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман болады. Солтүстік-шығыстан таңертең және күндіз батыстан, шығыстан, оңтүстіктен 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. 

Маңғыстау облысында шығыстан, солтүстік-шығыстан батыста, облыс орталығында 15-20 м/с жел соғады деп күтілуде.

Күндіз Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде солтүстік-шығыстан 15-20 м/с жел соғады.

Түнде Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде топырақ бетінде 2 градус аяз болады деп күтілуде. Солтүстік-шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. 

Күндіз Түркістан облысының солтүстігінде шаңды дауыл болады. Солтүстік-шығыстан, батыстан, облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с жел соғады. Облыстың көп бөлігінде төтенше өрт қауіптілігі сақталады.

Ұлытау облысында күндіз солтүстік-шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады деп күтілуде.