×
$
447.94
€
502.32
₽
5.52
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
447.94
€
502.32
₽
5.52

Тағы да аттракцион құлады, бұл жолы Қарағандыда

16.09.2024, 18:39
Тағы да аттракцион құлады, бұл жолы Қарағандыда
дереккөз

Қарағанды қаласының орталық саябағында орналасқан «Тікұшақ» аттракционында кабина құлаған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
 

Кабина ішінде отырған 25 жастағы әйел мен 2 жасар қыз бала ауруханаға жеткізілген.

Облыстық полиция департаменті қылмыстық іс қозғалып, оқиғаның жай-жапсары анықталып жатқанын мәлімдеді.

Естеріңізде болса, бұған дейін Астанада аттракцион құлап, бір бала жарақаттанған болатын.