×
484.11
528.79
5.03
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
484.11
528.79
5.03

113 миллион теңге: Астанадағы спортты дамыту дирекциясының басшысы сотталды

16.09.2024, 20:35
113 миллион теңге: Астанадағы спортты дамыту дирекциясының басшысы сотталды
Әлеуметтік желіден

Самат Ерғалиев 3,5 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ҚЫЗМЕТІН АСЫРА ПАЙДАЛАНҒАН

Астанадағы спортты дамыту дирекциясының басшысы Самат Ерғалиев қызметтік құзіретін асыра пайдаланып, қомақты материалдық шығын келтірді деп айыпталған.

Сотта хабарланғандай, Ерғалиев 2019 жылдың қараша-желтоқсан айлары аралығында Дефлимпиада ойын спорт түрлерінен аға жаттықтырушыны заңсыз тағайындаған. Және оны 19-шы қысқы Дефлимпиада ойындарына қатысу үшін Италияға іссапарға жіберген. Осылайша, сотталушы аға жаттықтырушының жалақысын, іссапар шығындарын және жалпы сомасы 113 млн теңгеден астам материалдық пайданы заңсыз алуға ықпал еткен.

СОТ ҮКІМІ

Сотталушы мен оның қорғаушылары оның іс-әрекеттерінде қылмыстық құқық бұзушылық құрамының жоқтығына сілтеме жасай отырып, оны ақтауды сұрады.

Алайда сот спортты дамыту дирекциясының басшысын 3,5 жылға бас бостандығынан айырып, өмір бойы мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқару құқығынан айырды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.