×
480.63
535.13
5.27
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
480.63
535.13
5.27

Шаңды дауыл, жауын-шашын, үсік - синоптиктер болжамы

17.09.2024, 01:55
Әлеуметтік желіден

Синоптиктер сейсенбі, 2024 жылдың 17 қыркүйегіне ауа-райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

НАЙЗАҒАЙ МЕН ЖАУЫН

Болжам бойынша, елдің шығысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында фронтальды бөліктердің әсерінен найзағай ойнап, жаңбыр жауады.

"Республика бойынша ортақ табиғи құбылыс - желдің екпін алуы, оңтүстікте шаңды дауыл болады. Солтүстікте, шығыста, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында түнде және таңертең тұман түседі деп күтіледі. Абай обысының шығысында, орталығында, Шығыс Қазақстан облысында, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облысында, Қостанай, Қарағанды, Ақмола облыстарының солтүстігі мен шығысында, Жетісу облысының таулы аудандарында сынап бағаны 1-4 градус суықты көрсетіп, үсік жүреді деп күтіледі"."Қазгидромет" РМК.

ӨРТ ҚАУПІ

Гидрометорталықтың деректері бойынша, Ақтөбе, Ұлытау облыстарында, Жетісу өңірінің батысында, Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, солтүстік-шығысында, Қызылорда өңірінің солтүстік-шығысында, солтүстік-батысында, Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында, Қарағанды өңірінің батысында, орталығында, Шығыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында, Қостанай облысының оңтүстігінде өрт қаупі жоғары болады.

Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарында, Қарағанды өңірінің шығысында, Ұлытау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, Абай өңірінің оңтүстігінде, Жетісу облысының солтүстігінде, орталығында, Ақтөбе өңірінің оңтүстігінде, Алматы облысының солтүстігінде, батысында төтенше өрт қаупі сақталады.