×
481.68
522.48
5
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
481.68
522.48
5

Беларусь саяси тұтқындарға рақымшылық жасады

17.09.2024, 15:41
Беларусь саяси тұтқындарға рақымшылық жасады
Ашық дереккөз

Беларусьтің авторитар басшысы Александр Лукашенко "экстремистік әрекеті" үшін сотталған 37 саяси тұтқынға рақымшылық жасау туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Азаттықтың Белорус қызметінің хабарлауынша, олардың арасында алты әйел бар. Түрмеден босағандар арасында зейнет жасындағы адамдар мен ауруға шалдыққан сырқаттар да бар.

"МЕМЛЕКЕТТІҢ ТАҒЫ БІР ГУМАНДЫ ӘРЕКЕТІ"

Лукашенконың баспасөз қызметі саяси тұтқындарға бостандық беруді "мемлекеттің тағы бір гуманды әрекеті" деп атады. Баспасөз қызметінің айтуынша, босатылған азаматтардың барлығы "істеген әрекеттеріне өкініп, заңға бағынып өмір сүруге уәде берген". Елде рақымшылық туралы жарлық 17 қыркүйекте атап өтілетін Ұлттық бірлік күніне орайластырып ұйымдастырылған деп айтылады.

4 шілдеде Лукашенко саяси тұтқындарға рақымшылық жасау туралы төртінші жарлыққа қол қойған еді. Шілде басында - 18 оппозиционер, тамызда 30 тұтқын босап шыққан. Олардың барлығы 2020 жылғы жаппай наразылық кезінде ұсталған. Қыркүйекте де 30 адам босатылды.