Астанада "Нұрлы жол" теміржол вокзалында әйел азық-түлік сататын жердегі тауарларды лақтырып, шу шығарды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
НЕ ҮШІН
Әзірге белгісіз. Оның бұл әрекеті әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті.
Видеодан әйелдің айғайлап, тауарларды лақтырып, оны тыныштандырмақ болған ер адамды итеріп жібергенін көруге болады.
ПОЛИЦИЯ НЕ ДЕЙДІ
Бүгінде көлік полициясы оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Полиция департаментінің мәліметінше, әйелдің жеке басы анықталған, қазір оның әрекеті тексерілуде.
Бұл факті бойынша тергеу жүріп жатыр. Оның әрекетіне құқықтық баға беріледі, – деп түсіндірді полицейлер.