×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

«Бұл – ұрланған ақша»: Базарбек құрылыс кодексі дауын соңына дейін жеткізбек

18.09.2024, 12:50
«Бұл – ұрланған ақша»: Базарбек құрылыс кодексі дауын соңына дейін жеткізбек

Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек құрылыс кодексі жобасын жазғандардың 

“БОСТАН-БОС ҚАЛДЫРМАЙМЫЗ”

– Әлбетте, олар… “Ешкім заң бұзған жоқ, ешкім ұрлаған жоқ, желінген жоқ, бәрі уақтылы, өз мақсатында жұмсалды” деп айтады. Әрине, олардың жауабы сондай болады ғой. Оған мен келіспеймін. Бұл ұрланған ақша! – дейді Бақытжан Базарбек.

Депутаттан “алдағы әрекеттеріңіз қандай болады?” деп сұраған. 

– Әрекет – соңына дейін! Бас прокуратураға депсауалымызды жолдадық қой. Ол жауап беруі керек. Қосымша хат жібереміз. Соңына дейін жеткіземіз. Бұл жағдайды бостан бос қалдырмаймыз, – дейді ол.

Бұған дейін Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Олжас Сапарбеков құрылыс кодексінің жобасы бойынша тексеріс жүргізіліп, еш заң бұзылғаны анықталмағанын мәлім еткен еді.

ӘҢГІМЕ ҚАЙДАН ШЫҚТЫ

Еске сала кетейік, бұған дейін құрылыс кодексінің жобасына 291 млн теңге бюджет қаражаты негізсіз жұмсалғанын үкімет басшысына депутаттық сауал жолдаған Бақытжан Базарбек айтқан еді. Депутаттың сөзінше, құжат сапасыз. Осылайша, қомақты қаржының бөлінуі де тиімді құжат әзірлеуге көмектеспеген. “Құрылыс кодексінің 98-99%-ы қолданыстағы заңдардан тұрады және ешқандай жаңашылдығы жоқ” дейді мәжілісмен.

Осыған байланысты бір топ депутат мұндай сапасыз кодекс жобасына бюджет қаражатын жұмсаудың орындылығы туралы Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетіне жүгінген. Ведомство бюджет қаражатын жоспарлау мен пайдалануға мемлекеттік аудит жүргізіп, нәтижесін жариялаған. Біріншіден, 2023 жылға арналған бюджет кодексінің 41-бабының 4.2-тармағын бұза отырып, жалпы сомасы 382 млн теңгеге құрылыс кодексін әзірлеу Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің мемлекеттік міндеттер тізіміне негізсіз енгізілген. Осылайша тексеріс нәтижесінде министрлік пен «ҚазҚСҒЗИ» құрылыс саласындағы мемлекеттік ғылыми-зерттеу және жобалау институты» ЖШС арасындағы келісімшарт негізсіз жасалғаны белгілі болған.

Екіншіден, министрлік бюджеттік өтінімде қамтылған мәліметтер мен есептердің толықтығы мен дұрыстығын қамтамасыз етпеген. Осылайша бюджет кодексінің 67-бабының 12.12.1-тармағын бұзған. Бұл жалпы сомасы 291 млн теңгені құрайтын бюджет қаражатын негізсіз жоспарлауға әкеп соққан.

Үшіншіден, мемлекеттік аудит қорытындысынан түсінгеніміз, құрылыс кодексінің жобасын әзірлеуге сырттан ұйымдар тартылмаған. Қосымша үй-жайлар жалға алынбаған, 2023 жылдың мамыр-желтоқсан айлары аралығындағы штаттық қызметкерлерге еңбекақы негізсіз төленген. Жалпы алғанда құрылыс кодексінің жобасын әзірлеуге бюджеттік шығыстар жоспарланбаған. 

Мұның алдында Базарбек Құрылыс кодексінің жобасын “10-сыныптың оқушысы жаза алады” деп тағы бір сынаған еді.