Президент Ұлттық ұланның Бас қолбасшысын ауыстырды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
НЕ ЖАҒДАЙ
”Мемлекет басшысының өкімімен Еркін Советбекұлы Ботақанов Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы лауазымынан босатылды” делінген президент жарлығында.
БОТАҚАНОВТЫ БАЛТАБЕКОВ АЛМАСТЫРДЫ
Оның орнына Аңсаған Скендерұлы Балтабеков тағайындалды. Негізінен күхет қызметі саласында еңбек еткен генерал-майор 2024 жылдың 10 қаңтарына дейін Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары болған.
ӘЛІМЖЕТТІК
Еркін Ботақанов кетуіне байланысты ресми пікір берілмеді. Оның алынуына ұлттық ұландағы әлімжеттікті тыя алмауы себеп болғанға ұқсайды.