×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

«Бәрін тексереміз»: Қызылордада оқушыны секс-құлдыққа салған 13 адам анықталды

19.09.2024, 12:01
«Бәрін тексереміз»: Қызылордада оқушыны секс-құлдыққа салған 13 адам анықталды
Pixabay

Қыз баланы жезөкшелікке тартқандар да, зорлық-зомбылықты тікелей ұйымдастырғандар да қамауға алынған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

13 КҮДІКТІ

Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха Қызылордада сыныптастары қорлап, сексуалды құлдыққа түсірген мектеп оқушысының ісі жөнінде сұраққа жауап берді. 

– Ол істе 13 фигурант анықталды, олардың 11-і қамауға алынды. Екеуі үйқамақта. Бүгінгі таңда бірқатар бап бойынша қылмыстық іс қозғалды. Мен бұдан артық түсініктеме бере алмаймын, өйткені қылмыстық іс аясында бұл тергеушінің құзыреті, – деді Лепеха сенатта. 

Оның айтуынша, қызды жезөкшелікке қатыстырған және зорлық-зомбылықты тікелей ұйымдастырған адамдар да қамауға алынған.

БӘРІН ТЕКСЕРЕМІЗ

Министрдің орынбасары ұсталғандардың қаншасы кәмелетке толмағандар екенін айтпады. 

– Тергеу бұл мәселемен айналысады. Біз бәрін тексереміз, – деп қорытындылады Лепеха. 

Тамыз айының Қызылордада басында мектеп оқушысының анасы сыныптастары қызын есірткі қолдануға мәжбүрлеп, күштеп ұстағанын, ақша бопсалап, жезөкшелікпен айналысуға мәжбүр еткенін мәлімдеген. Оқу-ағарту министрлігі психологиялық қолдау орталығының мамандары қыз балаға көмек көрсететінін хабарлады.