×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Тоқаев Жоғары сот кеңесінің төрағасын ауыстырды

19.09.2024, 15:18
Тоқаев Жоғары сот кеңесінің төрағасын ауыстырды
ашық дереккөз

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Қазақстан Республикасы Жоғары сот кеңесінің төрағасы ауысты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

АУЫС-ТҮЙІС

Әуелі Мемлекет басшысының Жарлығымен Денис Алексеевич Шипп Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы лауазымынан босатылғаны туралы ақпарат шықты.

Сәлден соң Мемлекет басшысының Жарлығымен Дмитрий Михайлович Малахов Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы лауазымына тағайындалды – деп хабарлады Ақорда.

МАЛАХОВ КІМ

Туған күні: 27.08.1974
Туған жері: Көкшетау қ., Ақмола облысы
Орыс тілін ғана біледі
Білімі, мамандығы (біліктілігі), лицензиялары:
ҚР ІІМ Алматы жоғары мектебі (1991-1995)
Экономика және қаржы университеті. Рысқұлова (2003-2005)
"Заңгер-құқықтанушы, экономист" мамандығы
Еңбек өтілі:
Ішкі істер органдарында, қаржы полициясында, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметте және экономикалық тергеу қызметінде жұмыс істеген;
Ішкі істер министрлігі, Қаржы полициясы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының өңірлік және департамент басшысының орынбасары (07.2004-03.2019);
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитеті жедел департаментінің басшысы (03.2019-09.2020);
Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары (09.2020-03.2022);
Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары (03.2022-10.2023);
Қазақстан Республикасы Қаржы мониторингі агенттігі төрағасының орынбасары (11.10.2023-13.02.2024);
Қазақстан Республикасы Қаржы мониторингі агенттігінің төрағасы (13.02.2024-16.09.2024)
Мемлекеттік және халықаралық наградалар, сыйлықтар, құрметті атақтар:
ІІ дәрежелі "Айбын" ордені
Мерейтойлық және ведомстволық наградалар
Әскери қызмет, әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер:
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Генерал-майоры (06.05.2022)