Ол мұндай табысқа тик-ток әлеуметтік желісінің тікелей эфирі арқылы жеткен, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
15 000 000 ТЕҢГЕ ТАПҚАН
Мұрат Әбділданың Сампо лақап атымен танымал блогермен бірлесіп өткізген желідегі тікелей эфирі көптің назарын аударған. Она қаралымнан да, басылған лайктардың санын да байқауға болады.
Мысалы Мұрат үшін көрермен 150 миллион рет лүпілдетіпті. Ал эфирді тамашалағандардың саны 170 мың адам. 196 мың рет тікелей эфирдің сілтемесін өзгелермен бөліскен. Бұл ТМД елдері арасындағы рекорд.
Дастан Арысбай есімді көрерменнің есептеуінше Мұрат Әбділда жарты сағат тик-ток желісінің тікелей эфирінде отырып 30 000 АҚШ долларын тапқан. Бұл теңгеге шаққанда 15 миллионға жуықтайды.
МҰРАТ ӘБДІЛДА
Мұрат Әбділда инстаграмм желісіндегі тікелей эфир арқылы көпшілікке танылған блогер.
Еске салсақ, ол 2022 жылы ҚР ҚК 174-бабы, яғни, әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік алауыздықты азаматтардың ұлттық ар-намысы мен қадiр-қасиетiн қорлауға бағытталған қасақана әрекеттер жасағаны үшін 4 жыл 6 айға сотталған еді.