ҚОШТАСУ СӨЗІ
НАТО-ның бас хатшысы Йенс Столтенберг қызметтен кетер алдындағы өзінің қоштасу сөзінде Украинадағы бейбітшілікке қол жеткізу Киевке жеткізілетін қарудың санына тікелей байланысты екенін мәлімдеді.
Столтенберг бейбітшілік келіссөздерін Ресейдің қатысуымен өткізу керектігін атап өтіп, Украина әскери альянс мүшесі атанатынына сенімді екенін жеткізді.
ӘСКЕРИ ҚУАТ – ДИАЛОГ ҮШІН ҚАЖЕТ
«Әскер қуат – диалог үшін аса қажет. Біз қанша қиын болса да, көршілерімізбен сөйлесуіміз керек. Бірақ диалог қуатты қорғаныс болған кезде ғана жүзеге асады. Мұны Украинаның мысалында анық көріп отырмыз. Украинаға қару беру арқылы біз Путинді қалағанына күшпен қол жеткізе алмайтынын түсінуіне мәжбүрлеуіміз керек. Әрі мұны ол үшін өте қымбатқа түсетіндей жасап, ол Украина демократиялық ел ретінде өзінің егеменді құқығына ие екенін мойындауына әкелуіміз керек, – деп келтіреді ВВС оның сөздерін.
Столтенберг тұрақты Украинасыз Еуропаның қауіпсізсігі мызғымастай бола алмайтынын мәлім етіп, берік қауіпсіздік үшін Украина альянс мүшесі атануы керектігін баса айтты.