Танымал әнші RaiM Ерке Есмаханның үлкен ұлына соңғы үлгідегі көлік сыйлады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Міне, бүгін папасы Муслимге сыйлық жасап қуантты. Көлігің құтты болсын, балам. Ақылды жігіт бол. Үмітімізді ақта. Артыңнан ерген ініңе үлгі бол, – деп жазды Ерке Есмахан.
Осылай деген әнші күйеуіне алғыс айтты.
Біз шаңырақ көтерген күннен бастап, Райм Муслимнің баскетболға құлшынысын арттыра бастады. Ағылшын тілін дамыту үшін Англияда оқытты. Муслимнің тұйық мінезін ашып, қабілетін шыңдады. Денсаулығына, араласатын ортасына, үйдегі тәрбиесіне қатты мән береді. Тіпті мектебіндегі ата-аналар чатында Райм отырады. Ең бастысы, осы кезге дейін сезінбеген “әке махаббатын” сезіндірді. Кішкентайынан ата-әжесімен бірге болған бала қазір, Аллаға шүкір, “Папа, мама” деп, толыққанды отбасында өсіп жатыр, – деді әнші.