×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

«Еркінсіп кеттіңіздер!». Министр генералдарға шүйлікті

20.09.2024, 14:37
«Еркінсіп кеттіңіздер!». Министр генералдарға шүйлікті
ашық дереккөз

Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов аттестаттау комиссиясының отырысын өткізіп, жеке құраммен жұмыс істемегені үшін генералдарды сынға алды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«ҚАЛАҒАНДАРЫҢ ОСЫ МА?»

Отырыста министр өзінің қарамағындағыларды жарғылық емес қатынастар фактілеріне жол бергені үшін сынға алды.

Біз не боп барамыз? Жоғары шенді ала отырып, еркінсіп кеттіңіздер ме? Болды, өз қалағандарыңызға жеттіңіздер ме? Бізден қоғам нені талап етеді? Ең бірінші жас балалардың өмірі, - деді министр.

Министр командирлер өздеріне сеніп тапсырылған сарбаздарға қамқорлық жасауға, олардың қызметі мен кәсіби өсуіне жағдай жасауға міндетті екенін атап өтті.

КЕШІРІҢІЗ!

Қорғаныс министрлігінің басшысы Әуе қорғанышы күштері бас қолбасшысының орынбасары Талғат Сыздықовқа ескерту жасады. Бұл ретте Жақсылықов Нұртас Қабақовты Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің қолбасшысы қызметінен босату туралы өтініш білдіруді жоспарлап отырғанын мәлімдеді.

Сізге жеке тұлға ретінде шағымдар жоқ, сізге лауазымды тұлға ретінде шағымдар жоқ. Мен сізді қызметінен босату туралы Жоғарғы Бас Қолбасшыға өтініш беруге мәжбүрмін. Кешіріңіз, Мен сізге үнемі ескерту жасап қана қояды деп ойладыңыз ба? - деп ашуланды Жақсылықов.

Министрлікте отырыс әскердегі оқиғаларға байланысты өткізілді.