×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

«Тыйымның бәрі дәрменсіз»: Қорғаныс министрлігі армиядағы өлімнің себептері жайлы

20.09.2024, 15:47
«Тыйымның бәрі дәрменсіз»: Қорғаныс министрлігі армиядағы өлімнің себептері жайлы
Қорғаныс министрлігі

Қорғаныс министрлігінің Тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары, генерал-майор Шайх-Хасан Жазықбаев ОКҚ-дағы брифинг барысында армиядағы сарбаздардың өліміне не себеп болатынын айтты. Ол бұл қорытындысын талдау жұмыстарының нәтижесі екенін атап өтеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ЖАЗЫҚБАЕВ НЕ ДЕЙДІ

Қорғаныс министрлігінің Тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары, генерал-майор Шайх-Хасан Жазықбаев қоғамда және БАҚ-та Қарулы күштерде болып жатқан оқиғаларға байланысты әділ толқулар болып жатқанын айтады. Алайда БАҚ-тағы кейбір ақпараттар шындыққа жанаспайтынын атап өтеді. Қоғамда армиядағы өлімге байланысты Қорғаныс министрлігі мен Ұлттық ұлан басшылығы бүгін Орталық коммуникациялар алаңында баспасөз мәслихатын өткізуді жөн деп шешкен.

– Жағдайды талдай отырып біз мынадай қорытындыға келдік: әскери қызметшілердің өлімі мен жарақат алуына негізінен бірнеше себеп бар. Олар: қарумен, оқ-дәріні абайсыз ұстау, техниканы пайдалану кезінде техникалық қауіпсіздікті сақтамау, қызметтен тыс уақытта жол-көлік оқиғалары, ауруға шалдығу, отбасылық жанжалдар жағдайында суицид. Осы жағдайлардың 90 пайызы – әскери қызметпен байланысы жоқ жағдайда болып жатыр, – дейді ол.

“ДЕДОВЩИНА” ЖАЙЛЫ

Жазықбаевтың айтуынша, бейбіт уақытта әскери қызметшілердің шығыны “жауынгерлік емес” шығындар деп аталады.

– Кез келген оқиға бойынша мұқият тексеру жұмыстары жүргізіліп, әскери басқару органдарының бірінші басшыларына қатаң тәртіптік және кадрлық шешімдер қабылданады. Бірақ бұл жерде біз қандай да бір шара қабылдамасақ, бәрі қызмет ететін адамға байланысты екенін түсіну керек. Әскерге шақырылған азаматтар қазірдің өзінде қалыптасқан дүниетанымы және отбасында, мектепте, достарының арасында алған тәрбиемен келеді. Мұндай жағдайларда барлық шаралар мен тыйымдар дәрменсіз, – дейді ол.

Армиядаға құқық бұзушылық жөнінде министрдің орынбасары мынадай статистиканы келтірді: Қарулы күштердегі соңғы үш жылда жарғылық емес қатынастар негізінде жасалған қылмыстар саны – 28 пайызға төмендеген.

– Жарғыға сәйкес емес қатынастар – дедовщина деген сөз. 2021 жылы 32-ден 23-ке дейін түсті. 12 әскери қызметші сотталды. 2021 жылы 5, 2022 жылы 3 адам, 2023 жылы 4  адам сотталды, – дейді ол.

АРМИЯДАҒЫ ӨЛІМ

Кейінгі жылдары «армияда көз жұмды» деген бір сарбаздың топырағы суымай жатып, екіншісі жан тапсырып жатыр. Өте қауіпті, үрейлі үрдіс! Қазір жұрт баласын армияға жіберуден қорқып қалған. Күні кеше ғана «Оймаша» полигонында оққа ұшқан әкенің «жалғыз ұлымнан айырылдым» деп шырылдаған үні бүкіл қоғамды тағы дүр сілкіндіріп, осы үрейді үдете түскен. Ал бүгін Қорғаныс министрлігіне қарасты Абай облысы Аягөз ауданында орналасқан 10810 әскери бөлімде жоғары оқу орнын бітіріп, әскери кафедрадан кейін барған әскери қызметкер көз жұмғаны хабарланды.

Ulysmedia.kz порталы Ұлттық ұлан, Қорғаныс министрлігі мен ҰҚК Шекара қызметінде кейінгі жылдары қанша сарбаз, қанша әскери қызметкер көз жұмғанын бұған дейін сұраған еді. Осы ведомстволардың ішінде Қорғаныс министрлігі нақты мәлімет бермеген.