×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

Ақтөбеде 92 жастағы кейуана өзінің сегіз баласын сотқа берді

20.09.2024, 22:35
Ақтөбеде 92 жастағы кейуана өзінің сегіз баласын сотқа берді
Әлеуметтік желіден

Ақтөбеде 92 жастағы әйел тоғыз баласының сегізінен алимент талап етіп, сотқа шағым түсірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

СЕГІЗ БАЛАСЫН СОТҚА БЕРДІ

Жасына байланысты көптеген созылмалы дертпен ауыратын талапкер сегіз баласын бес-алты жыл бойы көрмегенін, олар өзіне күтім жасамағанын айтып, арызданған. Қазіргі уақытта ол кенже қызымен тұрады. Тек сол ғана бағып отырған көрінеді. Осыған байланысты ол бес-алты жыл бойы көрмеген өзге балаларынан алимент сұрайды.

“ШЕШЕМІЗГЕ ЖІБЕРМЕДІ”

Істі қарау кезінде кіші қызы сотқа анасына қамқорлығын растайтын бейнежазбаны ұсынған. Айыпталушылар кіші қызы өздерін анасына жуытпайды деп мәлімдеген, бірақ сот бұл уәжді қабылдамады, өйткені бұған дәлел жоқ. Сот айыптаушылардың әрекетсіздігін мүгедек ата-ананы ұстау міндеттерін орындаудан жалтару ретінде бағалады.

Нәтижесінде сот талапкердің алимент алу құқығын растады. Бірақ сегіз жауапкердің төртеуі зейнеткерлік жасқа толғанын және еңбекке жарамсыз екенін, балалардың кейбірі мүгедек, кейбірі кәмелетке толмағанын ескеріп, кейуананың кей балаларынан алимент өндірілмейтінін мәлім етті.

ТӨРТЕУІ ТӨЛЕЙТІН БОЛДЫ

Сот шешімімен талап ішінара қанағаттандырылды, төрт жауапкерден әрқайсысынан жеті айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінде алимент өндірілмек. Сот шешімі әлі заңды күшіне енген жоқ.