Widberries негізін қалаушының күйеуі және компанияның тең иесі Владислав Бакальчук әлеуметтік желіде үйде екенін айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
БАКАЛЬЧУК НЕ ДЕЙДІ
Бүгін оның Telegram-дағы арнасында видео хабарлама пайда болды.
Достар, мен үйдемін, менде бәрі жақсы, отбасым үшін күресуді жалғастырамын. Шындық пен заң біздің жақта, - деді ол.
Кейін Бакальчук қазіргі жағдайға көзқарасы туралы жазба жариялады.
Мен жағдайды бейбіт жолмен шешуге және Татьянамен өз компаниямның кеңсесінде кездесуге тырысуым олардың арандатуы салдарынан қайғылы оқиғаға айналғанына қатты өкінемін, - деп жазады Бакальчук.
"Риа-Новости" басылымының 20 қыркүйектегі ақпаратына сәйкес, Мәскеу соты Wildberries кеңсесі маңындағы атыс бойынша 30 айыпталушыны қамауға алды. Бұл ретте олардың алтауы "Апаттар медицинасы" ғылыми-зерттеу институтының жедел жәрдем бөліміне кірмек болғаны үшін қамауға алынды.
ҚАНДАЙ АЙЫП ТАҒЫЛДЫ
Бұл туралы кәсіпкердің өкілі мәлімдеді. Ол Бакальчукке Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексінің бірқатар бабы бойынша кісі өлтіру, кісі өлтіруге оқталу, құқық қорғау органдарының қызметкеріне оқталу сынды айыптар тағылғанын айтты.
Бакалчуктың адвокаттары бұл әрекетті "ақылға қонымсыз" деп мәлімдеді.
НЕ ЖАҒДАЙ
Естеріңізге сала кетейік, кеше Ресейдегі Wildberries кеңсесінде атыс болған. Үш адам зардап шекті. Желіде тараған бейнеден бір топ ер адам ғимаратқа басып кіруге тырысқанын көруге болады. Бірақ күзетшілер оларды кіргізбейді. Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, атыстан кейін 30-ға жуық адам ұсталған.
КҮЙЕУІН КІНӘЛАДЫ
Wildberries маркетплейсінің негізін қалаушы және бас директоры Татьяна Бакальчук компанияның Мәскеудегі кеңсесіндегі атыстан кейін күйеуіне эмоционалды бейне жолдады.
Бейне оның Telegram арнасында жарияланды.
Біздің кеңсеге қарулы адамдар басып кірді, атыс басталды. Жас қызметкерлер қаза тапты. Владислав, сен не істеп жатырсың? Мұны ата-анаңызға, біздің балаларымызға қалай түсіндіре аласыз? Сіз бұған қалай бара аласыз? Жағдайдың осы абсурдқа жетуіне қалай жол бердіңіз? - деді Бакаьлчук көз жасын әрең ұстап.
WILDBERRIES ТУРАЛЫ
Wildberries – ресейлік маркетплейс. Оның негізін 2004 жылы Владислав пен Татьяна Бакальчук қалаған. Ресейде, Беларуссияда, Қазақстанда, Қырғызстанда, Арменияда, Израильде, Түркияда, Өзбекстанда және Әзербайжанда жұмыс істейді. Ресейдің 2016-2020 жылдардағы ең ірі интернет-дүкені.
18 тамызда Wildberries басшысы Татьяна Бакалчук күйеуімен ажырасудың себебін айтып, олардың некелері жұбайының абьюзивті мінез-құлқына және оның жиі үйде болмауына байланысты мәселелермен көлеңкеде қалғанын айтты.