×
481.84
531.33
5.07
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
481.84
531.33
5.07

Ресейде сотталған қазақстандық блогерлердің адвокаты апелляциялық шағым түсіреді

26.11.2021, 21:17
Ресейде сотталған қазақстандық блогерлердің адвокаты апелляциялық шағым түсіреді
Фото: ашық дереккөз

Ресейде сотталған қазақстандық блогерлердің адвокаты апелляциялық шағым түсірмек. Сурен Аванесянның айтуынша, үш жігітке кесілген үкім өте қатаң жаза, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Ktk-ның мәліметінше, адвокат Рамир Хасанов, Айдын Түсіпов және Ерсін Дүмшебайдың  әректінен қылмыстық әрекет көрмегенін айтты. Жәбірленушінің талап еткен моральдық шығын өтеліп, кешірім бергенін, алайда үш жігіт үш жарым жылға сотталып, жалпы режимдегі абақтыға қамалды.

Жеті айға созылған қылмыстық іс  алдын ала сөз байласу арқылы көлікті айдап әкету бабы бойынша қозғалған.

«Сот прокуратураның ұстанымын ескере отырып, сотталушылардың әрқайсысына 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жөнінде үкім шығарды», - дейді Мәскеу қалалық прокуратурасы.

Олар жалпы режимдегі колонияда жазасын өтейді. Барлығы сот залында қамауға алды. Ал еліміздің сыртқы істер министрлігі үш жігіттің де Қазақстан азаматы екенін растады.

Шулы оқиға наурыз айында Ресей  астанасында болған еді. Үш блогер әуелі бизнес санаттағы такси шақырады. Кейін ішке отырған екеуі жүргізушіден жүк салғышты ашып көмектесуін сұрайды. Сол сәтті пайдалынып қымбат көлікті міне қашады. Үшіншісі бәрін камераға түсіріп тұрған. Кейін кері оралып, жүргізушіден кешірім сұрағынмен, іске полиция араласқан. Ал сотталушылардың адвокаты соттың үкімімен келіскісі жоқ. Ол үш жігіттің әрекетінен қылмыстық әрекет көрмегенін айтты.

«Жәбірленуші тергеу барысында қылмыстық істі тоқтатуды сұрады. Кешірім берді, өйткені ешқандай моральдық шығын болған жоқ. Ал жәбірленуші көрсеткен моральдық шығын толық өтелді, бірақ көлемін айта алмаймын. Әрине, аталған бап бойынша қылмыстық істі тоқтатуға болмайды. Десе де бұл өте қатаң жаза. Біз заң бойынша он күннің ішінде апелляциялық шағым түсіреміз», - дейді Айдын Түсіповтің адвокаты Сурен Аванесян.

Мәскеуде істі болған блогерлердің бұл жақта да біраз іске қатысы бар. Әлеуметтік желідегі шулы әрекеттерімен танымал Айдын Түсіпов карантин режимін бұзғаны үшін 15 тәулікке қамалған. Ал Рамир Хасанов вирус өршіген тұста метрода күрк-күрк жөтеліп жұртты шошытса, артынан Әл-Фараби даңғылында шамхат ойнап тағы бір таңқалдырған еді.

Еске сала кетсек, кеше Мәскеуде қазақстандық блогерлер 3,5 жылға сотталғаны туралы жазған болатынбыз.