×
479.05
534.57
5.17
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
479.05
534.57
5.17

Мырзахметов ісі: мемлекетке қосымша 7 млрд теңге қайтарылды

Коллаж Ulysmedia

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі заңсыз сатып алынған активтерді қайтару бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізіп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Агенттік мәліметінше, қазіргі уақытта «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының бұрынғы төрағасы А.И.Мырзахметовке қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру бойынша мемлекет кірісіне 7 млрд теңге сомасында заңсыз алынған ақшалай қаражат аударылған.

Жалпы, жыл басынан бастап Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет аяқталған қылмыстық істер шеңберінде шамамен 195 млрд теңгені өтеген.

Соңғы 2,5 жылда, оның ішінде олигополиялар тарапынан Қазақстан халқына 1,09 трлн теңге қайтарылды. Осы бағыт бойынша жұмыс жалғасып жатыр және агенттіктің ерекше бақылауында, - делінген агенттік хабарламасында.

БҰҒАН ДЕЙІН

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында “Атамекен”  Ұлттық кәсіпкерлер палатасының бұрынғы төрағасы Абылай Мырзахметовке үкім шығарған еді.

“Сот үкімімен А.Мырзахметов аса ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде 10 жыл мерзімге қызмет атқару құқығынан айырыла отырып, мемлекет кірісіне қылмыстық жолмен алынған 5,8 млрд. теңге сомасында ақша қаражаты тәркіленіп, 5 жылға бас бостандығынан айырылды,”- деп жазды Астана қаласының қылмыстық істер жөнінде ауданаралық соты.  

Абылай Мырзахметов 1969 жылы 1 қаңтарда Түркістан облысының Жартытөбе ауылында дүниеге келген.  

Ломоносов атындағы ММУ түлегі. Негізгі мамандығы экономист.  

Еңбек жолын бірден "Алтын-Алма концерні" АҚ қаржы директорлығынан бастаған. 1997 жылы "Қазақстан темір жолы" РМК бас директорының бірінші орынбасары, кейін "Қазақстан темір жолы" РМК президенті болған. 2001 жылдың қараша айында ҚР Көлік және коммуникация министрі болып тағайындалған. Кейінгі жыылдары «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасын басқарған.