Ақмола облысы Қосшы қаласында монша өртенді. Оқиға жеке тұрғын үйлердің бірінің ауласында болған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Облыстық ТЖД мәліметінше, қызыл жалын 35 шаршы метр аумақты шарпыған. Құтқарушылардың жедел іс-қимылдарының арқасында өрт санаулы минутаттарда сөндірілді.
Зардап шеккендер жоқ. Оқиғаның себебі анықталып жатыр.