×
479.05
534.57
5.17
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
479.05
534.57
5.17

Шымкентте пойыз қағып кеткен ер адам қайтыс болды

Фото: qazaqstan.tv

Шымкентте пойыз қаққан ер адам алған жарақатынан қайтыс болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ОҚИҒА ҚАЙДА БОЛДЫ

Полиция аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

"Отырар" телеарнасының ақпаратынша, Шымкентте пойыз ер адамды қағып кеткен. Қайғылы оқиға кеше кешкі сағат 22.00 шамасында Исмаилов пен Жангелдин көшелерінің арасында болған.

Телеарнаның мәліметінше, марқұм 30-35 жас аралығында болған.

ПОЛИЦИЯ МӘЛІМДЕМЕСІ

Абайсызда адам өліміне әкеп соқтырған жол қозғалысы немесе теміржол көлігін пайдалану ережелерін бұзу фактісі бойынша Шымкент стансасындағы желілік полиция бөлімінде сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабы бойынша басқа ақпарат жария етуге жатпайды, - делінген жауапта. 

Айта кетейік, Шымкентте үндістандық екі студенттің мәйіті табылған болатын.