Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы Сергеевка қаласында 30 жастағы әйел жаяу жүргіншіні қағып өлтірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ЗЕЙНЕТКЕР 66 ЖАСТА ЕДІ
Жәбірленуші Шал ақын ауданының аудандық ауруханасына жеткізілді. Дәрігерлердің барлық күш-жігеріне қарамастан, ол алған жарақаттарынан қайтыс болды. Зейнеткер 66 жаста еді.
Жол-көлік оқиғасын жасаған әйелдің жүргізуші куәлігі болмағаны анықталды.
ПОЛИЦИЯ ХАБАРЛАМАСЫ
Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің "абайсызда адам өліміне әкеп соқтырған жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу" бабы бойынша соталды тергеу басталды. Тергеу жалғасып жатыр, - деп хабарлады полиция.