×
448.15
483.46
4.86
#қаңтар қақтығысы #сайлау #Украинадағы соғыс #Палестина #жемқорлық #тағайындау
448.15
483.46
4.86

National Geographic мұқабасындағы «ауған қызы» Италияда баспаналы болды

27.11.2021, 11:22
Фото: ашық дереккөз

1984 жылы америкалық фотожурналист Стив Маккарри түсірген «Ауған қызы» фотосуретімен әлемге танылған Шарбат Гул Италиядан саяси баспана алды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

The Guardian-ның мәліметінше, Италия премьер-министрі Марио Драги кеңсесі Гул үшін баспана берумен қатар Ауғанстаннан эвакуация ұйымдастырылғанын хабарлады.

Шарбат Гул 1985 жылы Стив Маккарри босқындар лагерінде түсірген суреті National Geographic мұқабасында жарияланғаннан кейін бүкіл әлемге танымал болды. Суреттегі қыздың есімі көпке дейін белгілі болған жоқ, оны көбінесе «Ауған Мона Лизасы» деп атайтын.

Серіктес жаңалықтары