Бұл туралы Астана қаласы әкімдігі мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Қала мәслихатының шешімімен бекітілген Астанада жылыту маусымын дайындау және өткізу қағидаларына сәйкес, елордада жылыту маусымы сыртқы ауаның белгіленген орташа тәуліктік температурасы +10 °С және одан төмен болғанда бес тәулік ішінде басталады.
Алайда, әлеуметтік нысандарды қосу олардың өтінімдері бойынша жылыту маусымы басталғанға дейін орындалады. Бүгінгі таңда орталықтандырылған жылумен жабдықтау жүйесіне 139 әлеуметтік нысан қосылған (мектептер, балабақшалар, емханалар және т.б.) - делінген әкімшілік таратқан ақпаратта.