Шетелдік жұмысшы Алматыда салынып жатқан тұрғын үй кешенінің лифт шахтасына құлап кетті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Ер адам алған жарақаттарынан сол жерде қайтыс болды. Полиция департаменті оқиғаға түсініктеме берді.
Бұл факті бойынша Алмалы ауданының полиция бөлімі қылмыстық іс қозғады. Болған оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, – деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Оқиғаның қалай болғаны әзірге белгісіз.