×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Астанада 14 жастағы қызды қатарластары 1,5 сағат бойы ұрып-соққан

23.09.2024, 22:55
Астанада 14 жастағы қызды қатарластары 1,5 сағат бойы ұрып-соққан
Видеодан скриншот

Бұл оқиғадан соң қыз ғимараттың 30-қабатына көтеріліп, секіріп кетуге бел байлаған. Бірақ ойланып қалған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz    

Бұл туралы «НеМолчи» қоғамдық қоры жариялады. Дина Таңсәріге қыздың анасы хат жазған. Оның сөзінше, перзентін 6 қыз қараусыз қалған ескі ғимаратқа апарып, ұрып-соққан. Себебі онда бейнебақылау камерасы болмаған. Содан кейін оны видеоға түсіріп, өздерінен кешірім сұратып, мазақ қылған. Кейін қыздың видеосын басқаларға таратқан. 

“Таяқ жеген оқушы қыз бұл оқиғадан соң биік ғимараттың 30-қабатына көтеріліп, секіріп кеткісі келген. Бірақ шатырда жарты сағаттай тұрып бұл ойынан қайтқан. Қыз бала құрбысына хабарласып, болған жайтты айтып береді. Келесі күні анасына да айтады. Анасы бірден Алматы аудандық полиция басқармасына арыз жазып, бүкіл бейнежазбаны қаратқан, - деп жазылған желідегі жазбада. 

Қыздың анасы мен заңды қорғаушысының мәлімдеуінше, полицияға арыз жазылғанмен, тергеу жүріп жатқан жоқ. Іс тоқтап қалған. Қыз баланы 5 күн өткеннен кейін ғана сараптамадан өткізген. 

Дина Таңсәрі Бас прокуратура мен Бала құқығы жөніндегі уәкіл Динара Зәкиеваны осы іске назар аударуға шақырды.