×
479.05
534.57
5.17
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
479.05
534.57
5.17

Forbes тізіміндегі олигархтың кәсіпорнында жұмысшы қаза тапты

Бүгін, 23:40
Forbes тізіміндегі олигархтың кәсіпорнында жұмысшы қаза тапты
Коллаж Ulysmedia

Жамбыл облысындағы  "Алтыналмас" компаниясында тау жыныстары опырылып, жұмысшы қаза тапты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz    

НЕ ЖАҒДАЙ

"Алтыналмастағы" төтенше жағдай туралы 18 қыркүйекте белгілі болған. Бүгін жұмысшының тірі қалмағаны туралы хабарланды. Ер адам қызмет көрсету және жөндеу бойынша слесарь болған, жерасты тау-кен жұмыстарында қаза тапқан. 

КОМПАНИЯ ИЕЛЕРІ ТУРАЛЫ

"Алтыналмас" акционерлерінің құрамында бизнесмен Владимир Жұманбаев және Нидерландыда тіркелген Gouden Reserves B. V компаниясы бар.

Владимир Жұманбаев Forbes нұсқасы бойынша Қазақстанның ең бай бизнесмендерінің тізімінде 25-ші орында.

Ол осы жазда Қырғызстандағы "Бауырластар шеңбері"  қылмыстық тобына қатысы бар ұйымды қаржыландырды деген күдікке ілінген. Олигархқа халықаралық іздеу жарияланғанымен кейін тоқтатылды.