Израильдің Ливандағы шабуылдарынан қаза тапқандар саны күн санап артып жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ШАБУЫЛ ҮДЕЙ ТҮСТІ
Израиль тарапы дүйсенбі күні Ливандағы «Хезболланың» жүздеген нысаналарына әуе соққыларын жасағанын мәлім етті.
ЛИВАН МӘЛІМЕТТЕРІ
Ливан билігінің дерегінше, Израиль соққыларынан кемі 492 адам қаза тапқан, оның 35-і бала. 1600 адам түрлі дәрежеде жарақат алған.
ЕСКЕРТУ
Израиль шабуылдарын «Хезболланың» соңғы 20 жыл бойы құрған инфрақұрылымдарға ғана жасап жатқанын, ол жерде бейбіт тұрғындар жоқ екенін айтады. Соққы жасалардан бұрын Ливан тұрғындары телефондарына Израильден эвокуациялауға шақырған аудио және мәтіндік хабарламалар алған.
АДАМ ШЫҒЫНЫ
Reuters жазуынша, ливандық шенеуніктердің бірі Израиль соққысынан болып жатқан адам шығыны 1975–1990 жылдардағы азаматтық соғысынан да асып түсті деп мәлімдеген.
Дүйсенбі күні Израиль күштері Ливанның оңтүстігіне ең ауқымды шабуыл жасаған. Израиль премьері Биньямин Нетаньяху бейбіт тұрғырдар үйіне әскери операциялар аяқталғаннан кейін орала алатынын жеткізді.