×
481.84
531.33
5.07
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
481.84
531.33
5.07

Су министрі тасқынды болжау жүйісі қашан іске қосылатынын айтты

24.09.2024, 10:37
Су министрі тасқынды болжау жүйісі қашан іске қосылатынын айтты
фото: ашық дереккөз

Су ресурстары және ирригация министрі  Нұржан Нұржігітов үкімет отырысында су тасқынының алдын алуға байланысты жүзеге асып жатқан жұмыстар туралы айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

 

 

ЖАҢА СУ ҚОЙМАЛАРЫ

Нұржігітовтың сөзінше, тасқын суды жинауды және қауіпсіз өткізуді қамтамасыз ету үшін көлемі 2,6 млрд текше метр құрайтын 42 жаңа су қоймасын салу жоспарланып отыр. Одан бөлек
3,7 млрд текше метр болатын 37 су қоймасын қайта құру, 14,5 мың шақырым ирригациялық каналдарды салу мен қайта құру жоспарланған. Бұл іс-шаралар Су саласын дамытудың 2024-2028 жылдарға арналған кешенді жоспарында көзделген.

БӨГЕТ

“Ағымдағы жылы екі су қойманың (Бәйдібек ата және Қарақуыс Түркістан облысы) құрылысы және үш су қойманы (Ақтөбе (Ақтөбе облысы), Қапшағай (Түркістан облысы) және Киров (БҚО)) қайта салу басталды. 580 мыңнан астам халқы бар 84 елді мекеннің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында министрлік Ақмола, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарының әкімдіктерімен бірлесіп зардап шеккен объектілерді салуға, қайта салуға, қалпына келтіруге және қорғау бөгеттерін нығайтуға бағытталған 56 жобаның тізбесін айқындады” деді министр.

СУ ТАСҚЫНЫН БОЛЖАУ ЖҮЙЕСІ

Су министрі сондай-ақ цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп су тасқынын болжау және модельдеу үшін flood.garysh {ФЛУД ҒАРЫШ} ақпараттық жүйесін құру бойынша жұмыстар жүргізіп жатқанын жеткізді.

Айтуынша, жоба биылғы жылдың соңына дейін іске қосылмақ.

“Ақпараттық жүйе стратегиялық шешімдер қабылдау үшін тиісті болжамдарды модельдеуге мүмкіндік береді. Яғни картада құзыретті органдар ұсынатын болжамды мәндерге сәйкес келетін ықтимал су тасқыны қаупі аймағын елестету мүмкіндігі қолжетімді болады” деді ол үкімет отырысында.