×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Бишімбаев колонияда жұмыс істемейді: неге екенін ресми орган түсіндірді

24.09.2024, 17:22
Бишімбаев колонияда жұмыс істемейді: неге екенін ресми орган түсіндірді
Ulysmedia коллажы

Әйелін өлтіргені үшін сотталған экс-министр қазір жазасын қауіпсіздігі максималды колонияда өтеп жатыр, деп хабарлады Ulysmedia.kz.

ҚАЖК НЕ ДЕЙДІ

Сотталған экс-шенеунік жұмысқа орналаспаған. Азаматтық жұбайын өлтіргені үшін сотталған Қазақстанның бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев колонияда жұмыс істемейді. Бұл туралы қылмыстық-атқару жүйесі комитеті хабарлады. 

– Сотталған адам жазасын қауіпсіздік максималды мекемеде өтейді. Бос жұмыс орындарының болмауына байланысты ол жұмысқа орналаспады, - деді ҚАЖК.

Ведомство Бишімбаевтың күн тәртібі осындай мекемелердің ішкі тәртіп ережелерінің талаптарына сәйкес сақталатынын атап өтті.

БИШІМБАЕВ ІСІ

Еске сала кетсек, 13 мамырда Астанада әйелін аса қатігездікпен қинап өлтірді деп айыпталған экс-министр Қуандық Бишімбаевқа сот үкімі шыққан еді. Астана қаласындағы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында әйелін аса қатігездікпен өлтірді деп айыпталған экс-министр 24 жылға сотталған. 

Астанадағы "Гастро-орталық" директоры, Бишімбаевтың туысы Бақытжан Байжанов Салтанат Нүкенованың өліміне байланысты іс бойынша "қылмысты жасырды" деген айыппен 4 жылға бас бостандығынан айырылды.