Астанадағы Мұнайтпасов атындағы стадион құрылысының жобалық құжаттамасы қабылданды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ҚАЙДА
Нысанның құрылысы Сарыарқа ауданындағы Кенесары көшесі 14 мекенжайы бойынша қарастырылған.
ҚАНДАЙ БОЛАДЫ
Құрылыс алаңы 15 мың шаршы метрден асады.
Болашақ стадионның ғимараты 3 600 адамға арналған үш қабатты болады. Стадион батыс және шығыс жағында әр түрлі қабаттағы екі блоктан тұратын жабық ғимарат болады, оның үстіне металл арка қосылған.
ТАПСЫРЫС БЕРУШІ
Жобаның құрылысына тапсырыс беруші «Астана қаласының құрылыс басқармасы» ММ, бас жобалаушы – «Құрылысконсалтинг ҰО» АҚ Астана қаласы және Ақмола облысы бойынша филиалы. Жобаны 16 айда аяқтау жоспарлануда.
Естеріңізде болса, аталған спорттық нысан бірнеше жылдан бері жабық тұр. Себебі әртүрлі айтылады. Бір кезде нысан мүлде сүріледі екен деген де қауесет тараған болатын.