×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

"Бейбітшіліктің уақыты келді" – Шольц Украинадағы соғыс туралы

24.09.2024, 20:05
"Бейбітшіліктің уақыты келді" – Шольц Украинадағы соғыс туралы
Ашық дереккөзден

Көптеген немістер Ресейдің Украинаға қарсы соғысында "барлық дипломатиялық құралдар әділ бейбітшілікке қол жеткізеді" деп күтеді. Мұндай мәлімдемені Германия канцлері Олаф Шольц өзінің Kanzler kompakt подкастының кезекті санында жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz DW агенттігіне сілтеме жасап.

СОҒЫСТЫ ҚАЛАМАЙДЫ

Канцелердің сөзінше, неміс қоғамы Украинаны қорғау дұрыс деп есептейді. Бірақ Германияның соғысқанын қаламайды.

"Германиядағы адамдардың басым көпшілігі Украинаны бомбалаудан, зымыраннан және артиллериялық шабуылдардан қорғауға көмектесуді дұрыс деп санайды және сонымен бірге Германияның соғысушы тарап болғанын қаламайды", - деді канцлер.

БҰҒАН ДЕЙІН

Украина президенті Владимир Зеленский Украинадағы соғыстың аяқталуына көбі ойлағаннан да аз қалғанын мәлімдеп, одақтастарын елдің әскерін күшейте түсуге шақырған еді.

ЖЕҢІС ЖОСПАРЫ

«Жеңіс жоспары – бұл Украинаны күшейту. Сондықтан да біз достарымызды, одақтастарымызды бізді күшейтуге шақырамыз. Бұл – өте маңызды. Меніңше, бейбітшілік біз ойлағаннан да жақын. Біз соғыстың аяқталуына жақындап қалдық» деді Зеленский ABC News-ке берген сұхбатында.

ЗЕЛЕНСКИЙДІҢ АҚШ-ҚА САПАРЫ

Украина президенті ресми сапармен жексенбіден бері АҚШ-та жүр. Ол АҚШ президенті Джо Байденге, Конгресс мүшелеріне, президенттікке кандидат Камала Харрис пен Дональд Трампқа украиналық «жеңіс жоспарын» таныстырмақ.

Зеленский АҚШ-та жүргенде елінде Украина қарулы күштері стратегиялық маңызы бар Угледар қаласы үшін ауыр ұрыс жүргізіп жатыр.