Ресейдің халық әртісі, әнші әрі композитор Александр Градский қайтыс болды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.
Бұл туралы «112» Telegram-арнасы жазды.
Әнші 72 жаста еді. Ауыр халде жансақтау бөліміне жатқызылған болатын.
Бұған дейін Градский инсульт алып, Мәскеу ауруханаларының біріне жатқызылған еді. Ол үйінде өзін нашар сезінген.
Александр Градский – ресейлік әнші, мульти-аспапшы, ақын және композитор. Ол «Дауыс» музыкалық шоуына тәлімгер ретінде қатысты. Градский – орыс рок негізін қалаушылардың бірі. Марқұм көзі тірі кезінде «Градский Холл» театрын басқарды.