×
511.22
540.05
4.73
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
511.22
540.05
4.73

Қымбат көлік, бренд сөмке: елшінің қызы елді несімен таңқалдырды?

25.09.2024, 00:10
Қымбат көлік, бренд сөмке: елшінің қызы елді несімен таңқалдырды?
Әлеуметтік желіден

Қазақстанның Жапониядағы елшісі Сабыр Есімбековтың қызы Сейлин Есімбекова өзіне көпшіліктің назарын аударды. Қымбат көлік, бренд сөмке, жарқ-жұрқ еткен әшекей таққан ару байлығын көрсетуге қысылмаған секілді, деп хабарлайды  Ulysmedia.kz.

БҰЛ АРУ КІМ ӨЗІ?

Бізге белгілі ақпаратқа сүйенсек бойжеткеннің есімі Сейлин Сабырқызы Есімбекова. 2001 жылы дүниеге келген. Биыл шілдеде 23 жасын тойлаған. Оның туған күнін қалай қарсы алғаны жөнінде мәлімет жоқ. Бірақ арудың әлеуметтік желідегі өмір сүру салтына қарап 23 жасын қарапайым қарсы алмағанын топшылауға болады. 

Бойжеткеннің әлеуметтік желідегі парақшасы түнгі әдемі өмірді көрсетеді. Түрлі бренд машиналар, жарқ-жұрқ еткен қала көшелері. 

Сондай-ақ Сейлин Сабырқызы үй жануарларын, қымбат әшекейлерді жақсы көретін сияқты. Жариялаған суреттерінен бағасы жүздеген миллион тұратын бағалы жүзіктерді басқа да аксесуарларды байқауға болады. 

САБЫР ЕСІМБЕКОВ

Сабыр Есімбеков – Қазақстанның Жапониядағы төтенше және өкілетті елшісі. 1964 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Алуа есімді жары және екі қызы бар. Оның бірі біз көрсеткен Сейлин болса ашық көздердегі ақпаратқа сәйкес екінші қызы Дария. Ол 17 жаста. 

Сабыр Есімбеков қазақ, орыс, ағылшын, жапон тілдерін меңгерген. 

"Қазтрансойл", “Қазмұнайгаз” компанияларында басшылық лауазымдар атқарған. 2021 жылдан бері Қазақстанның Жапониядағы елшісі.