Атырауда қасақана өртелген пәтерден 70 жастағы әйелдің мүрдесі табылды. Ал марқұмның 20 жастағы ұлын күйік шалып, ауруханаға түсті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ОҚИҒА ТҮНГІ САҒАТ 3-ТЕ БОЛҒАН
Атырау облыстық Төтенше жағдайлар департаменті мәлім еткендей, өрт бүгін, 25 қыркүйекте болған.
Түнгі сағат 03:03-те Атырау қаласының Алмагүл шағын ауданындағы 6 қабатты тұрғын үйдің 1 қабатындағы пәтердің өртенгені туралы шақырту түсті. Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері автосатымен және баспалдақ арқылы 13 адамды, оның ішінде 6 баланы эвакуациялады. Ал, 54 адам, оның ішінде 30 бала өздері қауіпсіз аумаққа шықты, деп хабарлады департаменттің қоғаммен байланыс тобы.
КҮЙІК ШАЛҒАН 20 ЖАСТАҒЫ ЖІГІТ АУРУХАНАҒА ТҮСТІ
Пәтердегі өрт сағат 03:44-те толықтай сөндірілді. Өртті сөндіруге төтенше жағдайлар департаментінен 17 құтқарушы, апаттық медицина орталығынан 3 қызмертер, 5 техника тартылған.
Оқиға орнында 1954 жылы туған әйел адамның денесі табылды. Марқұмның 1994 жылғы ұлы күйік алып, ауруханаға жатқызылды. Өрттің алдын ала себебі – қасақана өртеу, делінген хабарламада.