×
479.71
533.77
5.16
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
479.71
533.77
5.16

Атырау облысындағы уақытша изолятордың парамен ұсталған бастығы айыппұлмен құтылды

Бүгін, 15:09
Атырау облысындағы уақытша изолятордың парамен ұсталған бастығы айыппұлмен құтылды
Фото: shutterstock

Атырауда №75 мекеме - уақытша изолятордың бастығы міндетін атқарушы 1 млн теңге пара алғаны үшін сотталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Іс материалдарына сәйкес, айыпталушы 1 миллион теңге көлемінде пара алған. Ол үшін түрме бастығы пара берушінің ағасын шаруашылығындағы жұмыстарды орындау үшін сотталған санатына ауыстыруға, сондай-ақ оны тергеу изоляторында қалдыруға уәде берген.

Іс жеделдетілген тәртіппен қаралды, өйткені сотталушы өз кінәсін толық мойындап, жиналған дәлелдерге қарсы шықпаған.

ТАРАПТАРДЫҢ ҰСТАНЫМЫ 

Сот отырысында прокурор сотталушыға 3 жыл 6 ай бас бостандығынан айыруды, сондай-ақ мемлекеттік органдарда лауазымдарға орналасуға өмір бойы тыйым салуды және "әділет подполковнигі" арнайы атағынан айыруды талап етті.

Өз кезегінде айыпталушы өз кінәсін мойындап, жазаны жеңілдетуді сұрады.

ҮКІМ 

Сот сотталушының жас балалары барын, шын жүректен өкінетінін ескерген. Жазаны ауырлатар мән-жайды таппаған.
Оны кінәлі деп тауып, 30 миллион теңге айыппұл салды, бұл параның 30 еселенген сомасын құрайды. Сонымен қатар, оны мемлекеттік органдарда қызмет ету құқығынан, "әділет подполковнигі" атағынан айырған.

Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Атырау облысында ТИЗО бастығының пара алды деп күдікке ілінген туралы 2 қыркүйекте белгілі болған. 

19 тамызда Солтүстік Қазақстан облысы қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастығы әділет Мұстафиновтың соты өтіп, бір миллион теңге пара алғаны үшін ол да айыппұлмен құтылған еді.