Белгілі кәсіпкер Марғұлан Сейсембай президент әкімшілігінің басшысын Айбек Дәдебаевтың атына үндеу жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
СЕЙСЕМБАЕВ НЕ ДЕЙДІ?
Кәсіпкер бір іс бойынша ескі Қазақстанның өкілдеріне өз дегенін жасатпау үшін әдейі үндеу жариялап отырғанын айтады.
Достар, өздеріңіз білетіндей, ескі Қазақстан өзінің билік ресурстарын пайдаланып, менің және жақындарымның барлық активтерін тартып алды. Мен өзімнің және жақындарымның кінәлі еместігін дәлелдеп, барлық соттан өттім. Бұған мен 7 жыл уақытымды жұмсадым. Президент Тоқаев билікке келгелі бері, менде және жақындарымда менен арсыз жолмен тартып алынған активтердің бір бөлігін қайтып ала аламын деген үміт болған.
Алайда, өкінішке қарай, биліктегі ескі Қазақстан өкілдерінің позициялары әлі де мықты. Менің бірнеше рет жасаған үндеулеріме ешқандай реакция болған жоқ. Ал мына іс бойынша былық әлі жалғасып жатыр. Мен оларға өз істерін жасауға мүмкіндік бермеу үшін әдейі осы үндеуді жариялап отырмын. Әділетті Қазақстан бәрібір де жеңіп шығады деп сенемін, – дейді Сейсембаев.
ОЛ ҚАНДАЙ ІС?
Кәсіпкердің айтуынша, іс өзінен алаяқтық жолмен алып қойған жер телімдеріне байланысты. Оның артында Р.Д.Сакенов пен Талғат Махатов деген азаматтар тұр дейді. Сакенов Дариға Назарбаеваның күйеуі Қайрат Шәріпбаевтың күйеубаласы, Махатов бұрынғы Қаржы полициясының агенті екенін атап өткен ол осы адамдардың ықпалымен қылмыстық іс жабылып қалудың аз-ақ алдында тұрғанын жеткізді.
СЕЙСЕМБАЕВТЫҢ ӨТІНІШІ
Кәсіпкер биліктен қылмыстық іс әділ тергеліп, сотқа дейін жетуіне ықпал етуді сұрайды.
МАРҒҰЛАН СЕЙСЕМБАЕВ
Қазақстанның Forbes Қазақстан басылымы түзген ең ықпалды 50 кәсіпкер рейтингіне енеді. «Алель Агро» АҚ, «Tamos Education» ЖШС, Seimar Investment Group компаниясына, «Алмалы жұмақ» қоғамдық қорына иелік етеді. Haileybury Almaty мектебі акционерлерінің бірі. Бизнес-курстардың авторы.