Израиль "Хезболла" баллистикалық зымыранын қағып түсіріп, Ливанға қарсы шабуылдарды күшейтті, содырлардың барлау нысандарына шабуыл жасады. Жағдай БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл отырысында талқыланады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТЕЛ-АВИВКЕ АТТЫ
Ливанның "Хезболла" радикалды тобы Тель-Авивке баллистикалық зымыран атқанын хабарлады. Бұл әрекеттер Газа секторындағы палестиналықтарды қолдауға, сондай-ақ "Ливан мен оның халқын қорғауға" бағытталды деп хабарлаған.
ЗЫМЫРАНДЫ ҚАҒЫП ТҮСІРГЕН
Бұл 2023 жылдың 7 қыркүйегінде Хамас лаңкестік тобының Израильге жаппай шабуылынан кейін Таяу Шығыстағы қақтығыстың күшеюі басталғаннан бері бірінші рет болды. Израиль зымыранды қағып түсіргенін, нәтижесінде қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ екенін айтты. Бұл ретте "Хезболла" зымыраны алғаш рет Тель-Авив аймағына жетті.
ИЗРАИЛЬ ШАБУЫЛДЫ КҮШЕЙТТІ
Израиль "Хезболла" барлау инфрақұрылымына шабуыл жасады
Осыдан кейін Израиль Ливандағы террористік нысандарға әуе шабуылдарын күшейтті. The Jerusalem Post басылымы атап өткендей, Израиль қорғаныс армиясы 25 қыркүйекте Хезболла барлау басқармасына қатысты 60 нысанаға соққы берді.
Солтүстік қолбасшылығы Хезболлаға қарсы операция жаңа кезеңге өтті деп мәлімдеді. Топ қолбасшысы Ори Гордин әскери қызметшілер "жаңа маневрлер мен әрекеттерге толық дайын болуы керек" деді.
БҰҰ КЕҢЕСІНДЕ ҚАРАЛДЫ
Жанжал БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл отырысында талқыланады. Ұйымның Бас хатшысы Антонио Гутерриш жағдайды өте күрделі деп сипаттады.
Сонымен қатар, Ливанның Денсаулық сақтау министрлігі 25 қыркүйекте Израильдің соққыларынан 15 адам қаза тапты деп мәлімдеді, олардың кейбіреулері Хезболла базаларынан алыс таулы аймақтарда. Соңғы күндері Израильдің шабуылдарынан барлығы 558 адам қаза тапты, деп атап өтті ведомство басшысы Фирас Абиад. Олардың қаншасы содыр екені белгісіз. Ливан билігінің мәліметі бойынша, жүздеген мың бейбіт тұрғындар елдің оңтүстігі мен шығысындағы үйлерін тастап кеткен.